Абдулла бин Әмірдің (р.а.) айтуынша хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Дүние өткінші. Дүниедегі өткіншілердің ең қайырлысы салиқалы әйел«деген.

Хадиске түсініктеме:

Хадистің арабша мәтініндегі «мәтәун» сөзі алтын мен күміске жатпайтын жерге төселінетін бүйым секілді. Біраз уақыт пайдаланғаннан кейін түтеп ескіріп кететін өткінші нәрсе дегенді білдіреді. Қүранда дүниенің жалғандығы жайында былайша баяндалады: «Шынында дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі, яғни өткінші«. (Әли Имран сүресі: 185-аят)

Адам баласы базардан көрген матасын үнатып алады, сосын тағы басқасына көзі түсіп түрады. Мысалы, тәбеті тартып түрған жеміс-жидектер де дәл солай. Қызығып алып жегеннен кейін оның да өткіншілігін түсінесің. Бірақ, бір өкініштісі дүниенің жалғандығы мен өткінші ләззатының азғана уакыт екенін мойындамай, алданып жүргендер қаншама?! Ал ақыретгі дүниеге айырбастамайтын мүмин кісілердің жөні бөлек, олар бүл дүниеге алданбайды. Мүндай бақытты жандар жайлы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Жақсы малмүлік жақсы адамдар үшін өте лайықты«.

Салиқалы әйел деп арлы, діндар әрі тәрбиелі әйелді айтамыз. Мүндай әйел өмір бойы күйеуінің қас-қабағына қарайды. Оның шаңырағында үрыс-керіс болмайды керісінше ынтымақ-бірлік орнайды. Ал күн сайын үйінде үрыс-керіс болатын ер адамның қаншалықты көп байлығы болса да, ол үшін ең жақсысы салиқалы әйелдің болуы хадисте ашық баяндалған.

Хазіреті Пайғамбар бір хадисінде былай деген: «Үш нәрсе адамды бақытты қылады: салиқалы әйел, тамаша үй және жақсы көлік. Тағы бір үш нәрсе адамның бақытсыздығын білдіреді: жаман әйел, жаман үй, жаман көлік».

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38