Шардара қаласы «Әбу Мансур әл — Матуриди» мешітінің бас имамы, Жастар өкілі Н. Шәдекұлы «Аль — Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибеков «Бараат», — кешіне орай жамағатқа мешіттерде ауыз ашар ұйымдастырылды. Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров бараат түнінің қадір қасиеті жайында уағыз — насихат айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Шағбан — менің айым, Ережеп — Алланың айы, Рамазан — үмбетімнің айы», — деп осы айға да баса назар аударған. «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру — сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», — деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді». Бұл түнді Пайғамбарымыз (с.а.с) қадірлеп, қастерлесе, ол түнде міндетті түрде береке бар деген сөз. Сондықтан бұл түнге жеңіл қарамай, құлшылықты, дұға — мінәжатты көбейтіп өткізген абзал. Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етсін.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.