Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:
- Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;
- Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
- Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;
- Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.
- Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».
Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Ол (с.а.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».
Шымкент қаласы орталық мешіті