Бисмиллахир рахманир рахим.
Адамзаттың асыл тәжіндей болған ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ”Піл жылы” дүниеге келді. Бұл кезең қасиетті Құранда баяндалған Әбраха Әл-Әшрам деген христиан патшаның Қағбаны бұзу үшін Меккеге басқыншылық жасаған жылы. Соғысқа пілдерді пайдаланғаны үшін де осынау оқиға піл жылы деп аталды.
Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы жылы Рабиулаууал айының он екісі, дүйсенбі күні кешке дүниеге келген екен.
Ардақты ұлы тұлғаның балалық шағы да үлкен қиындықтармен өтеді. Анасы Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүкті болғанына екі ай толғанда әкесі Абдуллаһ дүниеден өткен еді. Сол себепті Ол дүниеге келгенде әкесін көрмеді. Сәбилік шағын атасы Абдулмутталибтің қолында өткізді. Деректерге көз жүгірт сек, сол жылы құрғақшылық болып,көк шықпай, мал-жануарлардың сүтсіз қалғаны баяндалады. Ал сәби Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Халиманың үйіне барған мезгілде үйдің айналасы көктей бастады.Халиманың қойлары көкке тойып,емшектері сүтке толады. Былайша айтқанда, Ол жүрген жерлер берекеге ұласып отырды.Хадисші Муслимнің сахих риуаяатында айтылғандай, Шаққус-Са,д (Көкірегінің кесілуі) оқиғасы сол Саад тайпасының ауылында жүрген жылы болған еді.* (Тәхзибус-Сира 37. Ибн Хаша, Сира 1,164. Муслим, Сахих 1,101-102).
Осы оқиғадан кейін Хадиша Мұхаммедті (с.ғ.с) бес жасында анасы Әминаның қолына тапсырды. Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алты жасқа толғанда анасы Әмина қайтыс болды. Жетім бала атасы Абдулмутталибтің қарауында қалды. Сегіз жасқа толғанда атасы қайтыс болып,немере ағасы Әбу Талибтың үйіне барады.
Хадисші Тирмизи риуаяттаған мына хадисте Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): мінберге шығып: »Мен кіммін?», – деп сұрады. Асхаб: “Cен Алланың елшісісің. Саған сәлем болсын!”, – деп жауап берді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): »Мен Абдуллах бин Абдулмутталибтің баласы Мұхаммед. Алла Тағала жан-жануарларды жаратты. Мені жан- жануарлардың ең жоғарғысы адамзаттан қылды. Адамзатты ұлттарға бөледі, ал мені ұлттардың ең жоғарғысынарабтардан қылды. Арабтарды руларға бөлді, мені сол рулардың ең жоғарғы руы Құрайыштан қылды. Құрайышты жанұяларға бөлді, мені сол жанұялардың ең жоғарғысынан, әрі ең жоғары тұлғадан жаратты,» – деді.* (Тирмизи, Сунән 9/236. Китабул-Мәнақиб). Осы орайда мына мәселеге назар аударған жөн. Пайғамбар (с.ғ.с)дүниеге келген қауымды жақсы көру – Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы жақсы көрумен тең деуге болады. Бұл ұлатаралық татулықты сақтауға, оны ары қарай нығайту шараларына да қатысты мәселе деп ұғынғанымыз жөн.
Жалпы, ел бірлігі ең асыл қасиет. Бірлік бар жерде тірліктің болатыны заңдылық. Осы орайда Пайғамбарымыздың саналы ғұмыры әрбір адамға үлгі – өнеге деуге болады. Кемелдік иесі сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бастаған жолымен жүру – әрбірімізге нәсіп болсын!
Бақтияр Байтелиев, Шымкент қаласы «Абдурахман» мешітінің имамы