Үстіміздегі наурыз айының 7 күні Әл-Фараби ауданы «Ордабасы» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағытының жоспарына орай әйел – қыздар арасында дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында әжелер мектебінің және әйел – қыздар секторы шәкірттерінің қатысуымен «Ең бақытты әйел» атауымен аудандық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.
Шараға қаламыздың бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қажы, «Ислам нұры» мешітінің имамы Әміре Бекайдар қажы, «Бибі Сара ана» мешітінің имамы Анарбаев Самат қажы және Әл-Фараби ауданына жауапты куратор Әбдікерімұлы Азамат, сондай-ақ, «Ордабасы» мешіті ұжымы мен «Әжелер мектебі» және әйел – қыздар секторы шәкірттер қатысты.
Сайыстың бағдарламасына сәйкес,
1. Әйел кісінің ілім ізденуі;
2. Әйел кісінің сабырлылығы;
3. Әйел кісінің қызғанышы;
4. Көрініс (Құрбылардың кездесуі);
5. Көркем дұға;
6. Сұрақ жауап
7. Мақал-мәтел, нақыл сөздер келтіру;
10. Монолог оқу;
Сайысқа қатысушы шәкірт әйел – қыздарға заттай сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі