Әл-Фараби ауданы, «Ордабасы» мешітінде «Менің анам-менің жәннатым» атты аналарды ардақтау рухани шарасы болып өтті. Шараға қаламыздың бас имамы Абдрахманов Бақдаулет, қалалық мешіт жанындағы тәртіптік кеңес жетекшісі Бекайдар Әміре және Әл-Фараби ауданының кураторы Әбдікерімұлы Азамат, сондай-ақ, «Ордабасы» мешітінің ұжымы мен «Әжелер мектебінің» отызға мүшелері қатысты. Шараның мақсатына орай, апаларымыз бен ұстаздарымызға және мешіттің әйел қызметкерлеріне арнайы алғыс хат табысталып, заттай сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі