Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінің жанынан «Зерделі қыз» бойжеткендер әдеп мектебі құрылды.
Бұл мектепті ашудағы мақсат:
✔️иманды қазақ қыздарының басын қосып рухани орта қалыптастыру
✔️ бойжеткендерге рухани, ұлттық құндылықтарды үйрету.
✔️Болашақ өмірге (яғни некеге) дайындау.
✔️Сонымен қатар зияткерлік қабілеттерін дамыту.
✔️Қыздар мен аналардын қарым-қатынасын жақсарту мақсатында құрылды.
Жоспарда спорттық ойындар, айына 1 кітап оқу және қайрымдылық жобалары бар.
2022 жылдың наурыз айында Қождан ата мешітінің әйел ұстазы Асем Аязалиқызының бастамасымен «Зерделі қыз» бойжеткендер әдеп мектебі құрылған болатын, бүгін сол мектептің ресми ашылу болып өтті.
Бүгінгі рухани кеш Құранмен және үлкендеріміздің батасымен ашылды. «Исламдағы әйел мәртебісі, қыз тәрбиесі» жайлы уағыз-насихаттар айтылып, қыз баласының әлеуметтік желімен қарым-қатынасы жайлы ғибратты көріністер қойылды.
Осы рухани кешке қонақ болып келген бүкіл аналар қауымына құрмет ретінде бойжеткендер гүл сыйлады.
Мұсылман әйелдің негізгі шариғи киім үлгісі қалай болу керек екенін көрсету мақсатында дефиле көрсетілді.
Кешке жиналған қонақтар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Шара соңында бүкіл әйелдер жамағаты зілзәладан зардап шеккен мұсылман бауырларға азда болсын көмек ретінде қайрымдылық жасап, Құран хатым дұғасы оқылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі