Орамал – қай заманда да, қай елде де өте үлкен қасиетке ие.
Мұсылман әйел үшін орамал тарту – парыз саналады. Ақпан айының 5-і күні Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті “Әйел мәртебесі – орамал” атты рухани кеш өткізді.
Кешті қаламыздың ардақты ұстазы Гүлсара Бекет құттықтау сөзімен ашып берді. Ақ кимешек киген аналар орамалдың қадір-қасиетін айтып, сезімдерімен бөлісті. Дәмді дастархан, сыйлы қонақтар мен орта толған айтулы шараға 150-ден аса қыз-келіншек келді.
Кеш соңында қазақ әйелдерінің ерте заманғы киім үлгісінің көрсетілімі де өтті.
Өз орамалын насхаттап, арнайы сәнденіп  келген  барша нәзік жанға алғыс білдіреміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38