Шымкент қаласы, Тұран ауданы Зекет қоры мен «Шәкірбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен. Қасиетті жұма күнінің берекетімен. Демеушілердің қайырымдылық жасауымен. Ауданымыздағы жағдайы төмен 10 отбасына қайырымдылық жасалып, азық түлік берілді.

Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Адамгершілікті, имандылықты сипаттайтын ұғым. Жақсылық жасау едәуір қиын іс емес, дегенмен бізге әкелер сауабы мол, еш дүниемен өлшенбейді. Қолыңнан қандай игі іс келсе, соны қылу керек. Ол үшін алпауыт күштің, таудай білімнің керегі шамалы. Әуелі ниет қажет.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38