Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінде, Тұран ауданының бас имамы Тұрапбай Ақтөре бастаған, ауданға қарасты барша мешіттердің имамдары, ұстаздары, азаншылары «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында жиын өткізді. Шара барысында, ҚМДБ тарапынан бекітілген жылдық жоспар түсіндіріліп, аудандық сала мамандары бекітілді. Игі шараға Шымкент орталық мешітінің найб имамы, «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Сарыбаев Қазбек қатысты. Халалға байланысты мәселелер қозғап, тапсырмалар берді. Сондай-ақ алда болатын дін қызметкерлерін аттестациялауға байланысты дайындықтары тексерілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі