Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен «Мазхаб ұстанудың артықшылығы», – атты тақырыпта кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Тұрлыбеков қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы Астана қаласында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет», – деген тақырыбымен ІІ республикалық имамдар форумы өткендігін жеткізді. ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің басшылығымен форумда адамды имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін дініміз Исламды заманауи бағытта жетілдіре түсетін құжаттар «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи маһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымыуақыт талабына сай қабылданған қос құжатпен таныстырып өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.