Шымкент қаласы Қаратау ауданы Анламас ата мешіті әйелдер жамағаты Алланы танып, оған деген сүйіспеншіліктерін арттыру , әрі өзара бауырластықты арттыру мақсатында «Тау самалы» демалыс орнына саяхат жасады. Саяхат барысында уағыз-насихат айтылып, түрлі қызықтар орын алып, шәкірттер уақытты көңілді әрі берекелі өткізді. Демалыс орнына барған әйелдер жамағаты аспалы жолға отырып, Алланың жаратқан керемет табиғатын тамашалады. Сырғанайтын баллондармен  сырғанап, балалық шаққа саяхат жасады. Атқа мініп, қыз баласының жан жақты болу керек екенін естен шығармады. Жалпы бұл саяхат барысында өзара бауырластық артып, демалыс өз деңгейінде өтті. Атсалысқан барша бауырларымызға алғыс білдіреміз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38