«Ілім алу тал бесіктен жер бесікке дейін» деген ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиетін жерде тастамай, ілім алуға мешітке келген әжелеріміз міне бүгін алған ілімдерінің нәтижесін Құран сайысында көрсетті.
Шымкент қаласының орталық мешіті Ақмешіт мешіті, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ережеп айының құрметіне әжелер арасында “ҚҰРАН ЖАРЫСЫ” болып өтті . Жарысқа 25әже 3 топ ретімен қатысты.
Қария жасқа жетсе де ұстазға құрметтен болса керек сайыс барысында әділ-қазылардың алдында қобалжу мен толқулары көрініп тұрды. Сонда да сайыстың аты сайыс, нәтижеге келгенде
Фил сүресінен Нас сүресі аралығы бойынша
1-ші орын: Ирматова Ауескул
2-ші орын: Дуйсенова Қалбике
3-ші орын: Мураманова Малика апаларымыз иеленді
Зәлзәлә сүресінен бастап Нас сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелер бойынша
1-ші орын: Ташқорова Қатима
2-ші орын : Исабаева Назира
3-ші орын: Сартаева Гулниса апаларымыз,
ДУХА-Нас сүрелері бойынша
1-ші орын Нұрқалам Алия
2-ші орын Мамашева Қынагүл
3-ші орын Маханова Мадина апаларымыз ие болды.
Әділ-қазы ретінде осы мешіт ұстазы Бекет Күлсара және Ғалым А.Сманов атындағы мешіттің ұстазы Жамал Қадырова ұстаздар төрелік етті.
Айта кетерлік жәйт Қатима апамыз сексен жасты асып өтсе де әлі де ілім алуға, Құран жаттауға ықыласты апа ретінде жастарға үлкен өнеге деп білеміз. Алла апаларымызға сауапқа толы ұзақ ғұмыр берсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі