Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағаты арасында Құранның қысқа сүрелерінен жарыс өткізілді. Жарыс төрт кезеңде өткізілді.Бірінші кезеңде қатысушылар сүрелерді жатқа айтып берді. Екінші кезеңде сүрелердің ортасынан аят жасырылып ары қарай жатқа жалғастырып айтып шықты. Үшінші кезеңде сүрелердің қазақша аудармасынан сұрақтар қойылды. Төртінші кезеңде тәжуид қағидаларынан сұрақ қойылды.
  Жарыс нәтижесінде бірінші орынмен Дашимова Сұлухан апай, екінші орынмен Аисова Маржан, үшінші орынмен Анарбекова Нұргүл марапатталды. Қалған барша қатыушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Көрермендерге Құран жайлы мағлұматтар бейне таспадан көрсетілді. Соңында дастархан тарту етіліп, уағыз айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38