Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде «Ұзақ өмір сүрудің 4 жолы»  атты семинар өтті. Семинарды интегративті нутрицолог,  білікті отбасы дәрігері Есжанова Нұрила ханым өткізді.
Семинарда ең алдымен дәрігер жамағатқа Интегративті медицина дегеніміз не? Соңғы кезде  пайда  болған нутрицология саласы нені зерттейді? Оның адам саулығына қандай әсері бар екені түсіндірілді.
Жалпы семинар төрт бағытта өтті. Бірінші бағыт- ұйқы жайында. Екінші- дұрыс тамақтанудың жолдары. Үшінші бағыт- адам ағзасындағы  дефициттерді толтыру.
Төртінші бағыт- сүннет ем.
Шара соңында Нұрила Есжанова дәлелді медицинаны Пайғамбар медицинасымен, яғни сүннет еммен ұштастыра отырып семинарға келген жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Жалпы іс-шара жамағатқа өте пайдалы болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38