Шымкент қаласы бойынша өкілдігі ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағытына сәйкес «Дін мен дәстүр тағылымы» атты ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Қазығұрт тауының баурайында ұйымдастырылған шараға найб имам Қазыбек Сарыбаев және қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты өкілі дінтанушы Самат Анарбаев және атсүйер қауым, шабандоздар қатысты. Алдымен ата дәстүріміз болып саналатын ат үстінде аударыспақ ойыны, теңге ілу, аламан бәйге жарыстарын өткізілді. Осыдан кейін, бата көкпар ұйымдастырылып, жүлде алған шабандоздарға арнайы сый-сияпат табысталды. Шара барысында найб имам Қазыбек Сұлтанбекұлы ұлттық ойындар туралы насихат айтып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді. Ал қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты өкілі дінтанушы Самат Сапарханұлы жиналған көпшілікке ұлттық ойындардың тарихына, дін мен дәстүр, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің маңызды екендігіне тоқталып, қаржылай демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі