Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмысы бойынша аудан бас имамдарының 2022 жылы атқарған есебі тыңдалды.
Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.
Есеп беру барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз-насихат жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін найб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдарының жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер мен сөгіс беру ұсынылса, ал керісінше жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.
Жалпы, жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша Қаратау ауданы «Үздік аудан, Үздік имам» аталымына ие болды. Сондай-ақ, үздік қызмет атқарған жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Сапарғали Абдуқаймов, Әділхан Сертай, Нұрсұлтан Орынбаевтарға отбасымен берге «Ақсу жабағылы» шипажайына жолдама берілді. Мұнымен қатар, 7 бағытқа қарасты 17 сала жұмысының нәтижесінде ең үздік 40 имамға марапат және елу мың теңгеде сыйақы берілді.
Мәжілісі барысында 2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі