«Қарттар – біздің асыл қазынамыз». Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Шымкент каласы Әл фараби ауданы Ордабасы мешітінің найб имамы және аудан бойынша Зекет қайрымдылықа жауапты Ержігіт Мамытұлы, Шымкент каласындағы Карттар үйіне зиарат етілді. Демеушілердің колдауымен қарттар үйінде 170 адамға Ет асып, ақ дастархан жайылды, ас берілді. Зекет қайрымдылық корының атынан тоқылған жылы шұлык әперілді, аналарымызға гүл берілді. Уағыз насихат айтылып ата-әжелерімізге жүректеріне жылу силап, Кұран окылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі