Он сегіз мың ғаламды жаратқан ұлы Алла тағала Құран кәрімде және Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) хадистеріндеде жетімнің малын жемей, керісінше басынан сипап, қамқорлық жасауға, көңілдерін аулауға шақырады. Жетім- өздері әлі әке- шеше атанбай тұрып, ата- ананың қадірін бала кезінен тым ерте білген сәби жүрек. Көңілдерінде кіршіктей де болсын жамандық жоқ балалар тек қана алдағы өмірлерінен үміт күтері сөзсіз. Кеше Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті, «Жастар ісі бөлімі» және «Зекет» қорының бірігіп ұйымдастыруымен ауданда орналасқан ата- анасынан ерте айрылған жетім балалардың кішкене болсын көңілін көтеріп, мейірімділікті үнемі ту еткен Ислам дінінің жанашырлығын көрсету үшін Щымкент қаласына, киелі болған орындар Арыстанбаб және Түркістан қаласы Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат еткізіп қайтты. Мешітке келген балаларды ауданымыздың бас имамы Сыздықов Бекзат әуелі мешіттің тыныс- тіршілігімен таныстырып, намаз оқып үйрену кітапшасын сыйға тартып, жолға шығарда ақ батасын берді. Ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 45 бала қатысты. Игі істердің жалғасы алдағы уақыттарда да тоқтаусыз қалмайды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі