Шымкент қаласы, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылдау жұмыстарын сапалы және жоғары деңгейде өткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге А.Сманов Мешітінің имамы Шотабеков Берік қатысты. Тақырыбқа сай сұхбат жүргізіліп, сұрақ-жауаптар болды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі