Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде діни һәм рухани сауат ашу курстарына әдістемелік құрал ретінде арналған «Имандылық әліппесі» атты еңбектің танытымы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, Шымкент қаласы дін істер басқармасының бөлім басшысы Бақыт Әлиакбарұлы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті “Рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы, т.ғ.к Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, Шымкент қаласы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Дастан Сүлейұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі. PhD (халықаралық құқық). Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бекбосынов Ермек Төленұлы және Шымкент орталық мешітінің ұстазы, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев т.б. ұстаздар қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
М.Естеміровтың қаламынан туындаған еңбекке ҚМДБ Сараптау комиссиясының тексеруінен өтіп, оң қорытындысы берілген. Және Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов пен дінтанрушы-ұстаз Омар қари Сәлімбековтер пікір жазған.
Айта кетсек, аталмыш еңбекте дін мен дәстүр, сенім – ақида, тәлім – тәрбие т.б. қажетті асыл құндылықтар енгізілген. Кітап мешіт жанындағы діни һәм рухани сауат ашу курстарында тәлім алушыларға тегін үлестірілуде.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі