Makala jaris kizdar

Makala jaris kizdar

Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады! Мақала жазудың шарттары төмендегідей:

Жазылатын мақала дінмен ұштасқан болуы қажет;
Бір автордан бір мақала, көлемі 5-8 бет аралығында болу керек;
Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы;
Ғылыми фактілер келтірілген жағдайда сілтеме көрсетілуі;
Туындының плагиат болмауы;
Мақала Word форматы түрінде Times New Roman (14 кегльде (шрифт) қарпімен жазылуы тиіс;
Мақала «Ислам және әйел» тақырыбы аясында болуға тиіс;
Мақала жазушының (аты-жөні, елді-мекені, байланыс телефондары) болуы тиіс.

Үздік деп танылған 3 мақала төмендегі сыйлықтармен марапатталады.

Сыйлықтар:
1-орын – телевизор
2-орын – ноутбук
3-орын – ұялы телефон

Ескерту: Мақалалар 2017 жылдың 1 мамырына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс: kmdbsektori2016@mail.ru
Байланыс тел: 8 (7172) 286 220

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38