Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісім шарт негізінде өңірімізден 5 діни қызметкер арнайы жолдамаға ие болып Түркия Республикасына 2 айлық оқу семинарына аттанды.
Өңірімізбен Шымкент қаласы мен «Шымкент», «Сарыағаш» медреселерінің имам, ұстаздарын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы қабылдап, барлық уақытты діни білім алуға жұмсап, тиімді пайладануды атап өтіп, имамдарымызға сәттілік тіледі.
Айта кету керек, Түркияда өтетін 2 айлық семинарына еліміз бойынша 30 имам, ұстаздарымыз аттанды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі