ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбектің тапсырмасымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Оңтүстік Қазақстан облысынан оқып жатқан студенттерге көмек ретінде, 70 000 (жетпіс мың) теңгеден он төрт студентке жалпы көлемі 1 000 000 (бір миллион) теңгеге жуық қаржылай оқу ақылары төленді.
Арнайы келген найб имам Қарақұлов Е. шәкірттерге қаражатты тапсырып, оқуларына сәттілік тіледі. Өз кезегінде шәкірттер алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.
ҚМДБ ОҚО бойынша баспасөз қызметі.