Абай ауданы Қожлан ата-Жиеней мешітін әйел-қыздар жамағаты арасында «Бір айда бір кітап» атты кітап оқудан сайыс өтті. Ақпан айында оқылған кітап Шамшат Әділбаеваның «Исламдағы жанұя» кітабы. Шәкірттер бір ай бойы оқыған кітаптарын қорытындылап, кітапты талқылады. Сұрақтарға жауап берді. Отбасы құндылықтары жайлы ақпаттар көп айтылған бұл жиында; бойжеткендерге насихат айтылып, үлкен апаларымыздан келін мен ененің қарым-қатынасы қалай болу керек екені жайлы көркем сұхбаты тыңдалды. Ер мен әйелдің өзара міндеттері жайлы видеороликтер қойылып, пайғамбарымыз жүбайлары өмірінен ғибратты оқиғалар көрсетілді!
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі