Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні»- деп жариялануына орай, Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Әділ Омар» мешітінде «Исра және Миғраж» кешіне байланысты мешіт жамағат тобымен және ,»Ақсақалдар алқасы» мүшелері тобымен біріге отырып дастархан жайылды. Жиын барысында мешіт имамы Дариев Берік «Исра және Миғраж» кешінің қадір- қасиеті жайында ғибратты уағыз жүргізді. Жиын соңында сұрақ- жауап болып, ақсақалдарымыз елдің бірлігіне, ынтымағына дұға жасап бата қайырды. Бұндай жиын әр айдың соңында тұрақты түрде жалғасын табатын болды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі