Бүгін, Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» атты рухани шарасы аясында ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Осы шараға Шымкент қаласы бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық Дін істері басқармасының басшысы Тұяқбаев Әлжан мырза және аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев т.б. мешіт имамдары қатысты.
Осындай құрмет көрсету шара барысында қала тұрғыны ҰОС ардагері Казыбаев Абылай атаның шаңырағында болып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрмаұлының сәлімен жеткізіп, мерекемен құттықтап, сый құрмет көрсетілді. Ардагер ақсақалдарымыз игі шараға алғыс айтып, ақ батасын берді.
Айта кетсек, игі шара барысында ҰОС және Тыл ардагерлері мен ұстаздар, журналистер қауымын, т.б. азаматтарға алғыс айтып, сый-сипаттар үлестірілді. Бұл шара қала бойынша барлық мешіт имамдары тарапына қолға алынып, жүзеге асырылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі