Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім адамдарға (жақсылықтарына) алғыс білдірмесе, Аллаға шүкірлік етпегені» – деп өсиет еткендей, елімізде 1-наурыз алғыс айту күні ретінде аталып келеді. ҚМДБ-ның бастамасымен, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен Әл-Фараби ауданындағы «Абу Райхан Беруни» мешітінде «Адамға алғыс айтпағанның, аллаға шүкірі жоқ» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Аталмыш рухани шараға Бас имамның орынбасары Мұхаммеджан Естеміров, Шымкент қалалық Дін істері басқармасының басшысы Тұяқбаев Әлжан мырза және аудан Бас имамы Ахметжан Керімбек пен өзге де аудан бас имамдары, сондай-ақ, аудандағы мешіттердің имамдары мен жергілікті тұрғын үй алабының құрметті ақсақал қариялары қатысты.
Келелі жиын барысында, алғыс айту күніне орай құрметті ақсақал қарияларына алғыс сөздер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Соңынан, қатысушыларға арнап дастархан жайылып, дәм берілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі