Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев «Шымкент» медресе-колледжінде «Адал ас – денсаулық кепілі» атты діни танымдық семинарына қатысып, дәріс оқыды.
Семинар жұмысы ерлер және қыздар бөлімінде өткізілді. Семинар барысында қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Соның ішінде қасапшылықтың қыр-сыры мен мал союдың шариғаттағы талап-ережелері, шұжық өнідірісі, тәтті өнімдер өндіру ісі, түрлі қоспалар т.б.
Игі шара аясында Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сұлтанбекұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі