Бүгін, Шымкент қаласына іссапармен келген ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Айғақ» телеарнасына «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбы аясында сұхбат берді.
Биылғы жылдың алғашқы сұхбатын ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы ҚМДБ-ның 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жария етуіне орай ұйымдастырылды. Түсірілім барысында ынтымақ, бірлік һәм татулық жайлы өзекті мәселелерге тоқталды. Сұхбатты «Айғақ» телеарасының сайтынан көруге болады.
Айта кетсек, Шымкент орталық мешіті мен «Айғақ» телеарнасына арасында екі жақты келісім бойынша «Дін мен дәстүр сабақтастығы» имандылық рухани хабары жүгізіліп келеді. Аталмыш хабарды Әділбай Тойшиев жүргізіп, жетекшілік етеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі