Бүгін, ҚМДБ Найб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы барды.
Кездесуге ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» фирмасының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және студенттер қатысты.
Кездесу барысында «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттеріге ілім үйрену, елге қызмет ету, имамдық қызмет, т.б. өзекті тақырыптар жөнінде насихатын айтып, батасын берді.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі