2017 жылдың 01 ақпан күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде және Қоссейіт жалпы орта мектебінде «Ислам діні – ынтымақ діні», – атты тақырыпта кездесі өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек, Қ. Тұрысбеков ауыл әкімі аппаратының дін саласы бойынша жауапты маманы С. Әлиакбаров, Шардара ауыл мешітінің бас имамы С. Абдрамановтар қатысып, кездесу барысында, ауыл имамы С. Абдраманов жастарға ислам діні жайында түсіндіріп берді. Ата – ана, ұстаздардың қадірін еңбектерін айтып өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек оқушыларға кереғар діни ағымдардың іс – әрекеттері жайлы түсіндіріп, олардың түр сипаты, намаздағы әрекеттеріне біршама тоқталып өтті. Қандай діни кітаптарды оқуға болатынын (негізінен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының сараптамасынан өткен діни әдебиеттер) қайсысын оқуға болмайтындығы жайында түсіндіріп берді. Сондай – ақ, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараты үшін сыйақы белгіленгенін атап өтті.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі