Бүгін, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Берекелі жұма: Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастамасымен Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек пен аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Ержігіт Мамытұлының қолдауымен 25 отбасыға азық-түлік салынған себеті үлестірілді.
Жалпы, бір отбасыға берілген себетте он бес мың теңгені құрайтын ұн, май, макарон, шәй, т.б. азық-түлік өнімдері салынған.
Қайырымды һәм берекелі жұма күндеріміз көп болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі