Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің ғылыми кітапхасында «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі» кітабының танытымы ұйымдастырылды.
Игі шараға «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев т.б. ұстаздар қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Өздеріңзгі белгілі, өткен жылы ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытын қолға алған болатын. Осы игі бастаманы қолдау әрі насихаттау мақсатында жазылған кітаптың алғы сөзін шығыстанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Діни басқарманың бұрынғы төрағасы марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі жазған болатын.
«Жаңа кітапта Ихсан ілімі тұжырымдама аясында көпшілікке түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өнегелі өсиет сөздері және рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде қажетті дүниелер қамтылған. Жастардың тәлім-тәрбесіне берері мол», – деді кітап авторы М.Естеміров.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі