Шымкент қаласы, Абай ауданы «Гауһар ана» мешітінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойы аясында жас қариларды марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы, Абай ауданы «Гауһар ана» мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров пен «Шымкент» медресе-колледжінің студенті әрі ұстаз Дархан қари Мұхамеджанұлының бастамасымен діни сауат ашу курсы (ДСАК) ұйымдастырылып келеді. Онда 150 шәкірт тәлім алуда.
Осы шәкірттер арасында екі жыл бойы тәлім алып, топ жарып, қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, қари атанған 14 жастағы Керімбеков Ерасыл Бекзатұлы қари атанды.
Марапаттау шарасы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты мен қаржылай сертификаты табыс етілді. Марапат құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі