Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарын қорытынды мәжілісі өтті. Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естемірв, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторының жетекшісі қатысты.
Жалпы, жыл бойынша жеті бағыт бойынша белсенді һәм өзге имамдарға үлгі болған имамдарымызға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы ризалығын білдіріп, ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы алғыс хатын табыс етті. Әріптестер марапат құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі