Омар ибн әл-Хаттаб (р.ә.) айтқандай Алланың елшісі (с.ә.с.): «Амалдар (істер) ниетпен өлшенеді. Сондай-ақ, барлық кісіге өзі ниет еткен (қалаған) ісі ғана тән. Кімде-кімнің Һижреті (көшуі, тәрк етуі) Алла және Оның елшісі үшін болса, оның Һижреті Алла және Оның елшісі үшін болады. Ал, кімнің Һижреті дүние үшін болса, ол соған қол жеткізеді немесе әйел үшін болса, оған үйленеді. Оның Һижреті де Һижрет еткен нәрсесіне қарай болады», – деген.

Һижрет етудің тілдік мағынасы – тәрк ету, діни мағынасы – жанжалдан сақтанып, күпірлік жайлаған жерден Ислам еліне көшу.

Негізінде кісі атқаратын барлық істе ниет болуы керек. Қандай да бір істі істерде Алла Тағаланың разылығы мақсат етілсе және ол Пайғамбардың (с.ә.с.) сүннетіне сәйкес келіп жатса, ондай іс Алла Тағала үшін болады. Ал, егер кісінің ниеті, көздегені тек дүние қызықтары немесе үйлену болса, Алла Тағала оны да біледі. Ол жағдайда оған дүниеден не қалаған болса сол беріледі. Ахиреттегі есебі Алланың қолында.

Әбу Һурайра (р.ә.) Алланың елшісінің (с.ә.с.): «Расында Алла сіздердің дене бітімдеріңіз бен келбеттеріңізге қарамайды, бірақ сіздердің жүректеріңіз бен істеріңізге қарайды», – дегенін жеткізген.

(Муслим)Хадистің мағынасы: Қандай да бір іс кіршіксіз шынайы түрде Алла Тағала үшін, Оның ризалығына ие болу мақсатында істелінуі тиіс, өйткені Алла Тағала өз құлдарының көкіректеріндегі ойларына дейін біліп тұрады.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38