Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Қаратау ауданының бас имамы, ЖАНТ мүшесі Қ. Кенжебеков, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров Шардара қаласы №1 М. Әуезов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», – атты тақырыпта кездесу өткізді. Кездесу барысында Қ. Кенжебеков бүгінгі таңда жастардың санасын улап жүрген кері тартпа діни ағымдарға кеңінен тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Кездесудің жалғасы «Шардара» орталық мешітінің жамағатымен жалғасын тауып жұма намазында ҚМДБ – ның бекіткен «Иман мен амал» тақырыбында уағыз – насихат айтты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.