Шымкент қаласының орталық мешінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 300 адамға мәуліт айының құрметіне концерттік бағдарлама өтті. Кеште қазақ тілінде мәуліт жыры оқылды, бірнеше тілде иләһи әндер шырқалды ең ерекшесі болса пайғамбарға махаббат туралы спектакльдік қойылымдар көрсетілді. Келген көрермендерге сыйлық ретінде пайғамбарымыздың өмір баяны жайлы кітаптар сыйлыққа тарту етілді. Әжелеріміздің де орта буын мен жас өспірімдердің де шын ықыласпен атсалысқан мешіттің бұл іс-шарасын көрушілер алған әсерлерімен және ыстық лебіздерімен бөлісіп, қуаныштарын білдірді.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі