Шымкент қаласы Қаратау ауданының орталық мешіті Байғұт-баба мешітінде онлайн және кәдімгі оқу түрінде діни сауат ашу курсы жұмысын жалғастыруда. Мешітке айналадағы тұрғылықты халықтан әйел балалары Құран үйреніп, рухани тәрбие алуда. Екі айда ғана мешіт ұстазы Гүлжан Нұрланқызының үйретуімен онға жуық шәкірт Құран әліппесінен арап әріптерімен танысып Құранды арап әріпімен оқуды үйренді. Осыған байланысты «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әліппе бітірген шәкірттерді салтанатты түрде марапаттау үшін «Құран – жүрегімнің көктемі» атты тәжі кигізу салтанаты өткізілді. Сыйлықтар таратылып, берекелі дастархан жайылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі