2017 жылдың 7-ші қараша күні, Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітіне ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, «Нұр- Мүбарак» ЕИМ университетінің докторанты, белгілі исламтанушы Оралхан Сейдманов құптан намазына келді. Уағыз- насихат тыңдауға және сұрақтар қоюға ауданымыздың әр өңірінен адамдар жиналып, мешіт іші жамағатқа толы болды. Уағыз барысында, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ардақты сахабалары жайлы, солардың ішінде іс- әрекеттері Құранда Тәубе сүресінде келген Кағб ибн Мәлик, Хилал ибн Умаия және Мурора ибн Рабиғ (р.а)-дың өмірлерінен насихат жүргізді. Сонымен қатар, көңілге күдік (шүбһа) ұялату жайында, таяз білімнің арқасында адасушылыққа бет бұрып, өз туғандарынан, өз елінен бас тартып «жалған жиһадқа» аттанған қазақ бауырларымыздың әлге де болса, қайтар жолға кеш емес екендігін түсіндіріп, бірлік пен ынтымаққа, ілім ізденіп, сол ілімді таза Ислам діні мен ата- баба салт- дәстүрінен қарауға, көше кезген адастырушы топтардан аулақ болуға шақырды. Және насихат аяқталғаннан кейін мешітіміздің жамағаттары жәннат және оның сипаттары жайында сұрақ қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Ауданымыздың бас имамы бұл келелі кездесулер алдағы уақытта әлі де жалғасын табатындығын айтты.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі