Әбу Ханифаның атасы Зұта ардақты сахаба Әлимен (р.а.) кездеседі. Сонда баласы Сәбитке игі тілек тілеуін өтінеді. Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Жаратқаннан оның ұлына жақсылық, құт-береке тілеп дұға етеді. Сол дуалы сөзден шыққан ізгі тілектер қабыл алынып, Сәбиттен әлемге Әбу Ханифа атымен мәшһүр болған Нұғман есімді ұл дүниеге келеді. Бұл да болса «жақсыдан – шарапат» деген сөздің дәлелі болса керек. Кейіннен Әбу Ханифа да Әли (р.а.) ұрпақтарын айрықша құрметтеген екен.