Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде әйел-қыздар секторының ОҚО бойынша жауаптылары, діни сауат ашу курстарының әйелдер бөлімі шәкірттері және қажы апалар қасиетті «Мәуліт шәріп» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек арнайы келіп, жиналған қауымды құттықтады. Бұдан бөлек аталып өткен мәулітте ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаху алейһи уәсәлләм) көптеген хадистері айтылып, өнегелі өмірінің керемет үзінділері түсіндірілді. Іс-шара соңы мәулітке арналған ақ дастарханмен жалғасып, барлық қатысушылар жақсы тілектерін білдірді.
ҚМДБ ОҚО өкілдігінің баспасөз қызметі