Қазығұрт аудандағы ауылдық мешіттердің жұмыс жасау тәртібін ҚМДБ-ының бекіткен құжаттарымен, нұсқаулары бойынша ОҚО өкілдігінің тапсырмасына сай аудандық орталық мешіті үйлестіріп, тапсырманың барынша сапалы нәтижелі орындалуына атсалысады және міндеттейді. Мешіт дін қызметкерлері күнделікті халықтың діни рәсімдерін өтеумен қоса, ел руханиатын көтеруге байланысты атқарар жұмыстары жеткілікті.Халықты имандылық жолында бағыт бағдар беру үшін, жоспар қажет етеді. Қазығұрт аудандық орталық мешіті ҚМДБ-ының бекіткен төрт бағыты бойынша; уағыз-насихат, жат ағымдардан алдын алу, қайырымдылық шаралары, діни сауат ашу курсы және жастар ісі, зекет-халал т.б жұмыстарының деңгейін арттыру мақсатында 2017 жылдық жоспарын бекітті.
Бекітілген жоспарларды жүзеге асыру жолдарын қарастыру, мешіттерді аралап, дайындық жұмыстарымен аудан бас имамы Е.Полатов аудан орталығында орналасқан Молбұлақ, Кезеңбұлақ, Молалы мешіттерін аралаудан бастады. Аталған жұмыстардың деңгейі қаралып, кемшілік тұстарын реттеу үшін ұсыныстар айтылып, шешу жолдары қарастырылады. Мешітке келуші жамағат саны Аллаға шүкір артуда. Келген жамағатқа қолайлы жағдай жасау мешіт дін қызметкерлері үшін аса жауапты жұмыс. Бұл игілікті істердің орындалуы мешіт дін қызметкерлері білімімен біліктіліктерінің арқасында демеушілер тарту арқылы жүзеге асып жатыр. Дін қызметкерлерін қолдап, аудандағы мешіттердің жұмыстарына демеу болып жүрген аудан жұртшылығына рахметімізді айта отырып, бастысы Алла тағала игілікті істеріңізге разы болсын.
Араланған үш мешіттің алдағы атқарар жұмыстарына қысқаша тоқталатын болсақ:
ҚМДБ-ының бекіткен төрт бағыты бойынша; «Уағыз-насихат жұмыстарына байланысты»; жұма уағызы тақырыпқа сай айтылады, күнделікті бес уақыттың бесін немесе шам намаздарынан соң (жамағаттың келісімі бойынша) 5-10 минөт «Дін және Дәстүр» сабақтастығын түсіндіру мақсатында «бір хадис-бір мақал айту» тақырыбымен мағлұматтарды топтастырып, әр айға дайындалып кітапша ретінде берілсе деген ұсыныстары қағазға беттелді.
«Жат ағымдардан алдын алу бойынша»: жылдағы жоспар бойынша кесте бекітіліп аудандық орталық мешіт имамдары және аудандық ақпараттық насихат тобы (ААНТ) мүшелері кезекпен келу жұмысы талқыланды. Сонымен қатар Республикалық ақпараттық насихат тобын (РАНТ), Облыс көлемінде құрылған Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінің қатысып түсіндірме жұмыстарын жетілдіру үшін Облыс өкілдігіне ұсыныс беру.
«Қайырымдылық шаралары, жастар ісі, зекет-халал» жұмыстары байланысты; аудан орталығынан бес мешітке бір маманды бекіту мәселесінде қайырымдылық, зекет және халал жұмыстары бойынша Тасбауов Қасымбек, Жастар ісі бойынша Ділмурат Оразбаев, аудан бойынша мешіттердің құжаттарының заңдылықтарын реттеп, заңдастырып отыру Жұмағұлов Балабекке бекітсек деген ұсыныс айтылды.
«Діни сауат ашу курсы» жұмысы бойынша; Молбұлақ, Кезеңбұлақ мешіттерінде жазғы демалыс кезінде өтеді. Аптада екі немесе үш күн дәріс өткізу жоспары талқыланды. Ауыл тұрғындарын, жастарды өздерінің өтініштері бойынша тұрақты діни сауаттандырып отырсақ, жат ағымдардан алдын алуға септігі тиеді. Бұл мешіттерде арнайы діни сауат ашу ғимараты қарастырылмаған. Сондықтан арнайы сынып бөлмесін әзірлеу,тыңдаушыға қажетті парта доскалармен жабдықтау жұмысы талқыланды. Діни сауатандыру жұмысына қызмет жасайтын ұстаздардың материалдық жағдайына көңіл бөлудің мәселесі ортаға салынды.
Шаруашылық жұмыстары бойынша: 2017 жылға «Молбұлақ» мешітінің ішкі әрлеу жұмыстарын атқару немесе күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алу, дәрет алатын орынды жаңарту қажеттілігі жоспарланды. Ү.ж мешіт еденнен жылыту жүйесі іске қосылғаны жамағаттың қуанышына себеп болды. «Молалы» мешіті 2014 жылы демеушілер есебінен жаңадан салынған, жылыту жүйесі еденнен, имам, неке қию, әйелдер бөлмесі бар, заманауи жиһаздармен жабдықталған. 200 адамға арналған жаз мезгілінде халықтың діни рәсімдерін өткізуге, айт, тарауих намаздарын оқуға арналған заманауи шатыр салынғаны көпшіліктің құптарлық ісі болды. Діни сауат ашу курсының арнайы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі алдағы жылымызға жоспарланды. Дәрет алатын орын ғимараты 2005 жылы салынған, бұл жұмыстыда алдағы жылға атқару жоспарланды. «Кезеңбұлақ» мешіті 2014 жылы жаңадан аудан жұртшылығының демеушілігімен салынған, жылыту жүйесі еденнен жылытылады.Биылғы жылы айналасы толық заманауи оюмен өрнектелген шарбақпен қоршалды. Мешіт ауданның негізгі орталық жолында орналасқандықтан, мешітке келуші жамағаттың автокөліктері тұрақтайтын арнайы автотұрақ жұмысын қолға алу, құрылыс жұмысы басталған дәрет алатын ғимаратты толығымен бітіріп, заманауи құрылғыларымен жабдықтап, бітіру жұмысы 2017 жылға жоспарланды.Сондай ақ мешіттің, ауласының тазалығы т.б мәселелер талқыланды.
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығына аудан бойынша әрбір мешітке бір күнді арнап, жақсы істерін басқа мешітке үлгі ретінде ұсынамыз,кемшілік жақтарына басқа мешітте сол іс атқарылған болса, атқарылған мешіттің үлгісін ұсынып, осылайша жақсы істі үлгі ретінде ала отырып, кемшілігімізді толықтыруға бір-бірімізге қолдау білдіру мақсатында атқарылады.
Бұл іске атсалып, демеу жасауға шақырамыз. Еліміздің руханиатын көтеруге бір кісідей атсалысатынына сенеміз.
Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар»
мешітінің жанынан құрылған жұмысшы тобы