Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Экологияны жақсартып, қаланың микроклиматын қалыптастыруға әсер етеді. Қаратау ауданы, «Байғұт баба» мешітінің ауласына 80 түп роза гүлі отырғызылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі