Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытын кең көлемде түсіндіру үшін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде «Ислам, Иман, Ихсан» атты аймақтық танымдық рухани семинары ұйымдастырылды.
Айтулы басқосуда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарға айрықша тоқталды. Осыдан кейін, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Бауыржан Әлиұлы арнайы қатысып, мешіт имамдары Ихсан ілімі жөнінде дәріс оқыды. Өте әсерлі өткен рухани семинар барысында сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.
Айта кетсек, аталмыш семинарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт имамдары қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21176,21177,21178,21179,21180,21181,21182,21183,21184,21185,21186,21187″ width=»2600″ height=»1400″]