Әз-наурыз меркесіне орай, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелері Әл-Фараби ауданы «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қайырымдылық іс шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара «Halifa al-Nahaian» мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров, «Шейх Мухаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек пен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова және Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.
Қайырымдылық шара барысында «Әжелер» мектебінің жетекшісі Калдыкул Жұмабеккызы бастаған апалар 15 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді. Және бірқатар зағип жандарға қаржылай көмек берді. Игі шара барысында «Halifa al-Nahaian» мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, игі шараға сәттілік тіледі. Ал, аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек барша белсенді апаларымызға арнайы алғыс хат табыс етіп, мешітіміздің әйел ұстаздарына сыйлықтар берілді.
Шара соңында қатысушыларға наурыз мерекесіне орай «Мүмтаз» асханасында дастархан жайылып, ас берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі