ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде Әз-Наурыз мерекесіне арналаған ұлттық һәм спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың тікелей қолдауымен өткізілді. Мерекелік шараға қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков мұрындық болды. Ал дәстүрлі мерекелік шараның жүргізушісі қалалық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров жүргізіп, шараның әрін кіргізді.
Шара аясында арқан тарту, кір тасын көтеріп, қол күрес сындық ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «Ақмешіт», «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші», «Қаратау», «Төлеби» командалары қатысты. Жеңімпаздарға орталық мешіт тарапынан сый-сипаттар үлестірілді.
Сондай-ақ, көпшілік алдында тұсау кесер рәсімі өткізілді. Бұл шараға ғалым-дінтанушы ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін қари Әміре қатысып, тұсау кесіп, ақ батасын берді.
Бұл бағыттағы қайырымдылық пен ұлтық спорттық шаралар бір ай бойы жалғасын табады.
ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21153,21154,21155,21156,21157,21158,21159,21160,21161,21162,21163,21164,21165,21166,21167,21168,21169,21170,21171,21172,21173″ width=»2400″ height=»1600″]