«Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн», – деп аталатын халықаралық акция ауданда бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Акцияның соңғы күні аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен аудандық балалар саз мектебінде өткізілді. Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліповтің төрағалығымен өткен жиынға құзырлы орган қызметкерлері, аудан имамы А. Данияров және мектептегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог – психологтар, ата – аналар мен бірқатар отбасы мүшелері қатысты.
Шардара аудан әкімінің баспасөз қызметі.