Шымкент қаласы, «Қождан ата» мешітінің имамы: Тұрапбай Ақтөре Әләпбайұлы

Алла Тағала Құран-Кәрімде: «Бір-біріңе мәрттік танытып жақсылық жасауды ұмытпаңдар» деген. Имам Науауи: «Сырттан кіргенге құрмет көрсетіп орынан тұру дінде жақсы көрілген амалдардан, абыройлы кісіге, қызметі жоғары кісіге жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету дінде бар» деп насихат айтқан.

Аби Сағидтен (р.а) жеткен хадисте: Сағид сахабаны Пайғамбарымыз (с.а.с) шақыртқан кезде Сағид кіріп келеді алдына сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) араларыңдағы мырзаларыңа  Сағидке құрмет көрсетіп орындарыңнан тұрыңдар, деп бұйырады.

Ендіше құрмет көрсетіп орнынан тұру шариғатқа қарама қайшылық жоқ екендігін білдіреді. Ал қазақ даласында жасы үлкен адамды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын ондай құрмет қай рудан қай жүзен қай ұлт өкіліне қарамай көрсетілетін.

 Анас бин Маликтен (р.а) жеткен хадисте: Алла Тағала үлкеннің жасын сыйлап, құрмет көрсеткен жасқа қартайған шағында өзіне де дәл солай құрмет көрсетіп, қызмет ететін жасты кез қылады.

Осы орайда, мына бір ғибратты әңгімені айта кеткен жөн болар. Бірде бір жас жігіт келіншегінің сөзіне еріп қолындағы қарт әкесінен қалай құтылудың амалын ойластыра бастайды. Ақыры ормандағы қаңыраған ескі күркесі есіне түсіп, әкесін сол араға апарып тастауды ұйғарады. Сөйтіп, ол бір күні қарт әкесін көлігіне мінгізіп алып, орманға қарай бет алады. Үйден шығарда енді ғана ес біліп келе жатқан кішкене баласы менде барамын деп байбалам салған соң оны да өздерімен ала кетеді.

Қарт кісі лүпілдеген жүрегі бір сұмдықты сезседе, әкесі жол бойы баласына ләм-мим деп тіл қатпады. Тек жанындай жақсы көретін кішкентай немересін баурына қысып, іштей егілумен болды. Межелі жерге жеткенсоң баласы әкесін азынаулақ жүгімен бірге қаңыраған қараңғы күркеге орналастырады да, бетіне тіктеп қарай алмай көзін төмен салған күйде күбірлеп қоштасқан бойда артына қайрылмастан көлігіне мініп, келген ізімен кете барады.

Жол-жөнекей баласы атамды қайда атстап кеттің атама барам деп әбден мазасын алады. Ақыры әкесінен жауап ала алмаған бала: Әкешім сен де атам сияқты қартайғаныңда менде сені осы орманға әкеліп тастаймын ба? Дегенде әлгі жігіттің төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей болады. Баласынан мұндай сұмдық сөз естимін деп ойламаған ол бірден аттың басын кері бұрып, қайтадан күркеге қарай тартады, қайта келген бойда өзінің кінәсін түсінген жігіт әкесінің аяғына жығылып кешірім сұрай бастады.

Сонда әкесі оған: «балам мен сенің қайта келетініңді білгем, өйткені мен өз әкеме бұлай істемеп едім». – деген екен, бұл ғибратты оқиғадан ғибрат алуға болады.

Дана халқымызда: жастық шағыңда нені ексең қартайғаныңда соны орасың деген емес пе? Осы орайда айта кетер болсақ жас буын үлкенін қалай құрметтеген болса өзі қартайғанда сол құрметті ие болары хақ.

Қазіргі уақытта кейбір дін ұстанған  жамағаттар арасында құрмет көрсетіп орнынан тұру шариғатта жоқ деп,  сырттан кіріп келген  тұлға кім болсада құрмет көрсетіп орнынан тұру дінде жоқ деп уәж айтуда, бұлай түсініктің қалыптасуы Пайғампар  (с.а.с) өмір тарихынан, Қазақ салт-дәстүрімізден және де ислам тарихынан хабары жоқ екендігін білдіреді. Немесе білседе болған оқиғалардан пайдалы жағын түсінбеген болар.

Айша (р.а) анамыздан жеткен хадисте: Пайғамбарымыздың (с.а.с) отырған бөлмесіне Фатима (р.а) қызы кіріп келген кезде, орнынан қарғап тұрып құрмет көрсеткенін және бірде Фатима қызының бөлмесіне пайғамбарымыз (с.а.с( кіріп келгенде Фатима қызы қарғып тұрып құрмет көрсеткенін жеткізді.

Алла тағала ол кісілерден разы болғай.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38